Сайт картасы
қаз

«Хореография» факультетінің «KAZNAI BALLET» командасы Астана қаласынан 2-ші орын иеленді!

02.04.2018

   Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінің «KAZNAI BALLET» командасы  5В040900 - «Хореография» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадада  ІІ орынды жеңіп алды. Олимпиада 2018 жылдың 29-30 наурызында Қазақ ұлттық хореография академиясында өтті.

   «Хореография педагогикасы» кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Гончарова Наталья Львовна жетекшілік еткен студенттер: Бурлова Анна - 3 курс  (топ басшысы), Варисова Шахинур - 3 курс, Тасенова Меруерт – 3курс, Отемис Айдана - 4 курс, Қалмұқанбет Айдана – 4курс.

   Олимпиадаға Қазақстанның 7 ЖОО-ы бойынша қатысты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+