Сайт картасы
қаз

«Театр өнері» факультетінде Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті

02.04.2018

      Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын базалық жоғары оқу орны ретінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы ұйымдастырды.  Жоғары оқу орындары  арасындағы Х Республикалық студенттік пәндік олимпиада «Театр өнері» факультеті, «Актер шеберлігі және режиссура», «Сахна тілі», «Жеке ән салу», «Сценография» кафедраларында  5В040600 «Режиссура» мамандығы «Режиссура» пәні бойынша, 5В040700 «Актерлік өнер» мамандығы: «Актер шеберлігі» пәні, «Жеке ән салу» пәні, «Сахна тілі» пәндері бойынша, 5В041000 «Сценография»  мамандығы «Композиция» пәні бойынша 2018 жылы  наурыз айының 26-28 жұлдызында өтті

 Олимпиада мақсаты:

  • 5В040600 «Режиссура»,5В040700 «Актерлік өнер»,5В041000 «Сценография» мамандықтары бойынша мамандарды даярлау сапасын жетілдіру;
  • талантты жастарды табу және қолдау, студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуеттерін қалыптастыру;
  • өнер бакалаврларын дайындау сапасын көтеру және теориялық-тәжірибелік оқу процестері негізінде жинақтаған білімінің деңгейі мен қабілетін, шеберлігін көрсету;
  • маңызды мағынаға ие ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шешуге студенттерді тарту;
  • студенттердің шығармашылығын жетілдіру, жаңа шешімдерді жүзеге асыру, жаңалықтар мен жаңа ғылыми жұмыстарды ендіру;

- Білім жүйесін жетілдіруге кәсіби  даярлығын және белсенділігін қалыптастыру;

  • мамандық бойынша кәсіптік дайындығының кешенді бағасын анықтау;

   Олимпиада студенттердің жұмыстары сарапталып, олардың Мемлекеттік стандарттар бойынша бекітілген типтік бағдарламаларды қаншалықты игергені сарапқа салынды.

   Х  Республикалық студенттік пәндік Олимпиадаға Б.Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университеті /Бишкек қаласы/; Қазақ ұлттық өнер университеті /Астана қаласы/, Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университеті /Түркістан қаласы/, М.Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  Мемлекеттік  университеті /Шымкент қаласы/, , М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті /Орал қаласы/, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті /Тараз қаласы), «Сымбат» сән және технологиялар академиясы (Алматы қаласы), Алматы технологиялық университеті (Алматы қаласы),Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы /Алматы қаласы/ студенттері қатысты.

    Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы  Х- республикалық студенттік  пәндік олимпиадасына   жарыстан тыс Б.Бейшаналиева атындағы Қырғыз Мемлекеттік мәдениет және өнер   университетінің  «Актерлік өнері» мамандығы бойынша  көрсеткен  2 курс студенттерінің өнері бауырлас екі мемелекеттің болашақтағы сахна өнерінің дамуы мен гүлденуіне жастардың шығармашылық табыстарында,  яғни болашақты құрушы – білімді жас  өнерлі ұрпақтар екенін дәлелдеді.  Жастардың  өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту барысындағы  еңбектері, жауапкершіліктің жоғары болуымен қатар, қиындығы мен табыстарының мол екенін атап кету орынды. Қырғыз елінен келген   студенттер мен оқытушылар ұжымы өз замандастарының сахналық жұмыстарын көріп, студенттер мен профессор –оқытушылар құрамымен сұхбаттасып, өнер жолындағы еңбектерімен өзара оқу-әдістемелік, тәжірибелік шеберліктерімен алмасты, жаңалықтарымен бөлісіп,  шабытқа бөленді.

         Олипиадаға қатысқан студенттердің орындаған конкурстық жұмыстарының бағалары бойынша келесі  жүлделі орындарды иемденді:

5В040600«Режиссура» мамандығы  «Режиссура» пәні

«Драма театрының режиссурасы» мамандандыруы бойынша:

I орын

  • Өмірбекұлы Әлібек «Драма театры және кино артисі» мамандандыруы бойынша 3 курс студенті, Л.Разумовская «Дорогая Елена Сергеевна» Көркемдік жетекшісі: Н.В.Дубс (Алматы қаласы, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы)

5В040700  «Актерлік өнер» мамандығы «Актер шеберлігі» пәні

 «Драма театры және кино артисі» мамандандыруы бойынша:

 2 курстар арасында  

І орын – 2 курс «Драма театры және кино артисі» мамандандыруының студенттері, У.Шекспир «Сон в летнюю ночь» драмасы, көркемдік жетекшісі: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Т.Жаманқұлов (Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

ІІ орын - 2 курс «Драма театры және кино артисі» мамандандыруының студенттері, А.П.Чехов «Шағала» (комедия) үзіндісі, көркемдік жетекшісі: Е.Біләл (Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

  «Драма театры және кино артисі» мамандандыруы бойынша

3 курстар арасында  

І орын – 3 курс «Сөз сөйлеу жанрының артисі» мамандандыруының студенттері, У.Шекспир «Макбет», көркемдік жетекшісі: ҚР Еңбек сіңірген артисі, профессор Тұранқұлова Д.Т. (Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

ІІ орын – 3 курс «Сөз сөйлеу жанрының артисі» мамандандыруының студенттері, С.Қасымбек «Томирис», көркемдік жетекшісі: ҚР Еңбек сіңірген артисі, профессор Тұранқұлова Д.Т. (Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

  «Музыкалық театр артисі» мамандандыруы бойынша:

2 курстар арасында  

І орын - 2 курс «Музыкалық театр артисі» мамандандыруының студенттері, Уоткинс «Чикаго» (Мюзикл), Курс жетекшісі: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Н.Жақыпбай (Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

«Музыкалық театр артисі» мамандандыруы бойынша:

3 курстар арасында  

 І орын – 3 курс, «Музыкалық театр артисі» мамандандыруының студенттері, Гарсия Лорка «Қасіретті қатындар» (пластикалық драма), Көркемдік жетекшісі: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент Аманжанова Г.Б. (Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

 ІІ орын - 3 курс, «Музыкалық театр артисі» мамандандыруының студенттері, Ш.Айтматов «Шыңғысханның ақ бұлты» (Эпикалық драма), Көркемдік жетекшісі: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент Ақжарқын - Сәрсенбек О. (Алматы қ., Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

 «Жеке ән салу» пәнінен 4 номинация бойынша олимпиада өтті

Халық әні және ретро әндер номинациясы бойынша:

І орын

Атаев Бахыт «Музыкалық театр  артисі»  /Мюзикл/ мамандандыруының 1 курс студенті;

ІІ орын

1.Дүйсенов Дархан «Драма  театры және кино артисі»  мамандандыруының 2 курс студенті;

  1. Орман Бейбарыс, «Музыкалық театр артисі» мамандандыруының 3 курс студенті.

ІІІ орын

1.Төлепберген Диас, 1 курс музыкалық театр артисі  мамандандыруының студенті;

  1. Есімов Темірлан, 3 курс музыкалық театр артисі мамандандыруының студенті.

 Классикалық шығармалар номинациясы бойынша:

Классикалық романс:

І орын

Асан Сундет, 1 курс музыкалық театр артисі  мамандандыруы бойынша .

ІІ орын

Абдолдаева Ақерке,1 курс музыкалық театр артисі  мамандандыруы ның студенті .

Күрделі классикалық шығармалар номинациясы:

І орын

 Малғаждарова Аяужан, 3 курс музыкалық театр артисі  мамандандыруының студенті.

ІІ орын

 Сеилханов Аманат, 3 курс музыкалық театр артисі  мамандандыру   студенті.

ІІІ орын

  1. Бәзіл Сұлтанғазы 3 курс музыкалық театр артисі мамандандыруы
  2. Смағул Ардақ 2 курс музыкалық театр артисі  мамандандыруы

Ансамбль номинациясы бойынша:

І орын-Хор жетекшісі оқытушы А.Абишев;

ІІ орын Квинтет жетекшісі Г.Қарамолдаева;

           ІІІ орын Квартет Г.Қарамолдаева.

 «Сценография» кафедрасы

5В041000 «Сценография» мамандығы бойынша 2,3,4 курс студенттері арасында өткізілді.

«Композиция» пәні бойынша:

      «Театр-сәндік өнері» мамандандыру бойынша:

  1. Қазақ драматургия пьесалары бойынша декорациялар эскизін жасау

(мысалы: "Қыз Жібек", "Еңлік-Кебек" және т. б.)

    (Разработка эскиза декораций по пьесам казахской драматургии (например: «Қыз Жібек», «Енлик-Кебек» и др.)

І орын

- Болат Аружан «Театр-сәндік өнері» мамандандыру бойынша 2 курс студенті), Алматы қаласы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.

ІІ орын

- Поминова Александра («Театр-сәндік өнері» мамандыру бойынша 4 курс студенті), Алматы қаласы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;

- Писарюк Ирина («Театр-сәндік өнері» мамандандыру бойынша 2 курс студенті), Алматы қаласы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.

ІІІ орын

- Омар Ақжайық («Театр-сәндік өнері» мамандандыру бойынша 4 курс студенті), Алматы қаласы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;

- Бәттал Нұрғабыл («Театр-сәндік өнері» мамандандыру бойынша 4 курс студенті), Алматы қаласы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;

  «Театр, кино және ТВ киімі» мамандандыру бойынша:

  1. Дәстүрлі емес материалдардан манекенге түйреу әдісімен көйлек жасау (Наколка на манекене платья из нетрадиционных материалов)
  2. Костюмдердің графикалық эскиздері (Графические эскизы костюмов)

І орын

  • Сейдін Абзал («Театр, кино және ТВ киімі» мамандандыру бойынша 2 курс студенті), Алматы қаласы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.

ІІ орын

       - Ербол Әйгерім («Театр, кино және ТВ киімі» мамандандыру бойынша 2 курс студенті), Алматы қаласы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы.

        - Оспан Әйгерім («Театр киімінің сценографиясы» мамандыру бойынша 4 курс студенті) Алматы технологиялық университеті, Алматы қаласы;

ІІІ орын

- Ертас Әйгерім («Театр, кино және ТВ киімі» мамандандыру бойынша 4 курс студенті), Алматы қаласы, Алматы технологиялық университеті;

Байділда Жанар («Театр, кино және ТВ киімі» мамандандыру бойынша 4 курс студенті), Алматы қаласы, Алматы технологиялық университеті;

- Ынтымақов Мерей («Театр, кино және ТВ киімі» мамандандыру бойынша 2 курс студенті), Астана қаласы, Қазақ Ұлттық өнер университеті.

  «Театр, кино және ТД гримі» мамандандыру бойынша:

      1.Ертегілер кейіпкерлері гримі

(Грим персонажей сказок)

2.Қиял гримі

(Фантазийный грим)

І орын

- Жеңіс Арайлым («Театр, кино және ТВ гримі» мамандандыру бойынша 3 курс студенті) Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы қаласы;

ІІ орын

- Кожахметова Амина («Театр, кино және ТВ гримі» мамандандыру бойынша 3 курс студенті) Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Алматы қаласы;

   5В040700 «Актерлік өнер» мамандығы, «Сахна тілі» пәні  бойынша:  

Әр қатысушы сахнада оқыған кезде өздерінің алғыр, жігерлігін көрсете білді.

        «Сахна тілі» пәні  бойынша  Х  Республикалық  пәндік  олипиадасына бірінші 3курс «Сөз сөйлеу жанрының артисі» бөлімі студенттері, «Сахна тілі» пәнінің оқытушысы, профессор Д.Тұранқұлованың қойған Т.Айбергеновтың өлеңдерінен «Атамекен» атты композициялық қойылымы көрсетілді. Олимпиада да төрелік еткен бүкіл комиссия мүшелері бір ауыздан жоғары деңгейде  және Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың  жолдауы бойынша «Мәңгілік ел» атты жобасы бойынша қойылған  композицияны І орын деп  тағайындады.

    2 курс «Музыкалық театр артисі» бөлімінің студенттері, «Сахна тілі» пәнінің оқытушысы, профессор М.Н.Абзелбаев дайындаған «Тыңдаңызшы» лирикалық  өлеңдерінен композициялық қойылымы көрсетіліп, жоғары деңгейде көрсете алғандары үшін І орын иеленді.

   3 курс «Сөз сөйлеу жанрының артисі» бөлімі студенттері, «Сахна тілі» пәнінің оқытушысы, профессор Д.Тұранқұлованың қойған М.Горький «Макар чудра» классикалық композициясы  көрсетіліп,  комиссия мүшелері өте жоғары деңгейдегі классикалық шығарма деп танып, І орын тағайындалды.

    Ал, жеке студенттер арасында ( монолог, өлең, қарасөз) оқу барысында:

  1. 3курс «Сөз сөйлеу жанрының артисі» бөлімінің студентті Бектас Ануарбек, көркемдік жетекшісі профессор Д.Тұранқұлова.  М.Шолохов «Адам тағдыры» атты эпикалық әңгімеден үзінді оқыды. Ең үздік үзінді  оқығаны үшін І орынды иеленді.
  2. 3курс «Сөз сөйлеу жанрының артисі» бөлімінің студентті Тұрғанбек Ермек, көркемдік жетекшісі профессор Д.Тұранқұлова. М.Горький «Шыңырау түбінде» шығармасынан  «Сатин»  монологін  оқыды.  ІІ орынды иеленді. 

Қорытынды:

   Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы Т.Жүргеновтың 125-жылдығы, Академиямызға 85-жыл, пәндік олимпиаданың өткізіліп жатқанына  Х -жылдық мерейтой  аясында өткізілді. Олимпиадаға  «Актерлік өнер», «Режиссура» мамандандықтарының 2,3 курс студенттері, «Сценография» мамандығы бойынша 2,3,4 курс студенттері қатысты. Әр топ бірнеше үзінділілер көрсетті, солардың ішінен әр курстың көрсетілімдері сарапқа салынды. Олимпиада талабына сай, біз тек ең жоғары деңгейде өздерінің шеберліктерін, білімдерін көрсеткен студенттерді іріктеп алдық. Олимпиада барысында студенттер мен оқытушылар, ЖОО арасында өте тығыз да шығармашылық байланыс бар екені көрінді. Мұны студенттердің орындаған жұмыстары арқылы көруге болады. Олимпиада кезінді студенттер өздерін жақсы жағынан ғана емес, олар басқа облыстардың жоғары оқу орындарымен бәсекеге түсуге, және де басқалардан жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсете білді. Осыған байланысты Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадада Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨ Академиясының «Театр өнері» факультетінің студенттері  І,ІІ,ІІІ дәрежелі  бірнеше номинациялар бойынша дипломдарға ие болды. 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+