Сайт картасы
қаз

«Астана – тәуелсіздіктің алтын бесігі» жастар форумында «Рухани жаңғыру» аясында ұлттық болмысты сақтау мәселелері сөз болды

10.04.2018

  «Астана – тәуелсіздіктің алтын бесігі» жастар форумында «Рухани жаңғыру» аясында ұлттық болмысты сақтау мәселелері сөз болды

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 10 сәуір 2018 жылы жас ғалымдар мен студенттер Елбасының «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту насихаттауға бағытталған   “Астана тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты жастар форумы болып өтті.

Жастардың бас қосуы аясында "Қазіргі жаһандық әлем: рухани жаңғыру және ұлттық болмысты сақтау мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – жас ғалымдар мен студенттер арасында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүм¬кіндіктері» атты Жолдауды түсіндіру және насихаттау. Сондай-ақ, жас ғалымдар конференцияның секция отырыстарында баяндама жасалды. Пленарлық және секциялық мәжілістерде студенттер Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи мәселелері, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері, тарихи-мәдени мұраларды сақтау, ұлттың рухани жаңғыруы, жас ұрпақтың мемлекет тағдырына деген жауапкершілігін ұғынуы мәселелеріне байланысты сұрақтар қарастырылды. Конференцияға қатысушылардың баяндамалары конференция материалдарының жинағына кіргізілді. Конференцияға қатысушылардың барлығы сертификаттар алып, ал үздік ғылыми жұмыстар I, II және III дәрежелі мақтау қағаздарымен марапатталды. “Астана тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты жастар форумында сөз алған академия ректоры: "Өскелең ұрпақ ел болашағының даму бағытын анықтайда. Елбасы жолдауы жаңа кезеңдегі жасампаз жастардың өркендеуіне жол ашатындығына сенемін деп мәлімдеді." Форум аяқтала салысымен бізге сұхбат берген Театр өнері факультетінің деканы А. Б. Құлбаев: Мұндай форумдар өскелең ұрпаққа Елбасы жолдауын, мемлекеттік саясатты түсіндіруге бағытталған маңызды ареналардың бірі. Біз мұндай бастамалардың үнемі қолдауымыз керек деп мәлімдеді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+