Сайт картасы
қаз

Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов Елбасының бес әлеуметтік бастамасының артықшылықтары туралы әңгімеледі

03.04.2018

    Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Бақытжан Жұмағұлов Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі аясында  Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық ұжымымен жүздесуге арнайы қонаққа келді.  Кездесудің алғы сөзін  аталмыш академияның ректоры, профессор Бибігүл Нүсіпжанова  ашып, сенат депутатына   өнер шаңырағында соңғы уақытта болып жатқан жаңалықтармен таныстырды.

    Бақытжан Тұрсынұлы Елбасының қашанда жастарға үлкен үміт артатынын айта келіп,    мәңгілік ұлт идеясының негізгі өзегі – қазақ өнерін әлемге паш ететін  жас өнер иелеріне  үлкен үлес қосатындарына сенімін білдірді. Кездесу барысында  Театр өнері факультетінің деканы, профессор Аман Құлбаев тарихы бай киелі шаңырақта талай қазақ өнерінің тарландары түлеп ұшты.  Қазіргі оқу театрының орындары өте аз болғандықтан кең әрі бүгінгі заман талабына сай  Академия ауласында жаңа заманауи үлгіде театр қажет болып отыр. Тіпті бұл құрылыстың жобасы да дайын тұр, тек қана қолға алып кірісу керек. Академияның шығармашылық  көрсеткіштері үлкен биіктікке шығу үшін  ең алдымен жаңа оқу театры аса қажет болып отыр» - деп өз сауалын жолдады. Ғылым  және білім саласында басшылық еткен Халық қалаулысы еліміздегі жоғары оқу орындарындағы түйткілді мәселелер төңірегіндегі сауалдарды талдап-талғап, толыққанды жауап берді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+