Сайт картасы
қаз

Эдуард және Тамара Малбековтермен шығармашылық кездесу өтті

06.04.2018

      2018 жылдың 4-ші сәуірінде Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚҰӨА - ның кинозалында Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Эдуард Джабашевич Малбековпен және қазақ балетінің ардагері Тамара Закировна Малбековамен шығармашылық кездесу өткізді. Кездесуге  академия ректоры Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы және «Хореография» факультетінің оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты.

      Эдуард Джабашевич пен Тамара Закировна  өздерінің шығармашылық жолдарының қалай басталғаны туралы және   бүгінде  отауласқандарына                     55 жыл толып отырғандығы туралы әңгімеледі. Олар әсіресе, өздерінің  ұстаздары мен студенттері туралы ыстық ықыласпен еске алып, әсерлі әңімелеп,  бірлескен жұмыстарын ризашылықпен  еске түсірді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+