Сайт картасы
қаз

Ресей Федерациясы суретшілерінің шеберлік дәрісі өткізілді

02.04.2018

      3 сәуір 2018 жылы Т.Қ. Жургенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінде Ресей суретшілері К. Грачев пен Е. Грачева кескіндеме және графикадан шеберлік дәріс көрсетті. Санкт-Петербург қаласының беделді заманауи суретшілері Екатерина және Константин Грачевтар И.Е. Репин атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық кескіндеме, мүсін және сәулет институтының ұстаздары болып келеді. Академиялық дәстүрге сүйене отырып көрсеткен еркін шеберлік дәрістің астарында ресейлік көркемсурет институтының қабырғасында қалыптасқан зор білімдері мен жоғары дәрежелі кәсіпқойлық сапасы айқын көрінді. Біздің студенттермен сұхбаттаса отырып өткізген бұл шеберлік дәрістің маңыздылығы өте үлкен. 250 жылдық тарихы бар әлем мойындаған үлкен мектеп шеберлерінің қысқа уақытта бөліскен тәжірибелері болашақ жас суретшілерге білімнің жаңа қырларын көрсетті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+