Сайт картасы
қаз

Темірбек Қараұлы Жүргеновтың 120 жылдығына арналған «Жүргенов оқулары» атты Ғылым апталығы өз жұмысын бастады

10.04.2018

      2018 жылдың 9-сәуірінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында Темірбек Қараұлы Жүргеновтың 120 жылдығына арналған «Жүргенов оқулары» атты Ғылым апталығының ашылуы өткізілді. «Ғылым апталығының» мақсаты – мәдениет және өнер саласындағы зерттеулер, проблемалар, тенденциялар нәтижелерін, ғылымның даму перспективаларын талқылау, ғылыми қызмет тиімділігін арттыру, академияның ҚР-дағы жетекші ғылыми-зерттеу орталығы ретінде орнын айқындау. Аталмыш іс-шараға Академия профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, магистранттар мен студенттер қатысты. Апталық аясында 2018 жылғы оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Пленарлық мәжілісте академияның Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, ф.ғ.д., профессор Қ.З.Халықов «ХХ-ХХI ғасырдағы өнер мен ғылымның өзара ықпалдастығы мен мүмкіндіктері»,  п.ғ.к., «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті А.Е.Садықова «Т.Қ.Жүргеновтің Қазақстан мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесі»,  филос.ғыл.д., «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры  Ж.Ж.Молдабеков «Қазақтанудың рухани өнімдері және өлшемдері» атты баяндамаларын оқыды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+