Сайт картасы
қаз

Дизайн мен Театрдың шығармашылық тандемі

11.04.2018

      2018 жылдың 31 наурыздың 17.00 сағатта Қазақстан Жазушылар одағы үйінің концерт залында «Баухауз» дизайн мектебінің 100 жылдығына арналған шара өткізілді. Шығармашылық кеш аясында көрермендер назарына Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы «Дизайн» кафедрасының «Интерьер дизайны» және «Жиһаз дизайны» мамандандыруыларының 1 және 2 курс студенттері жұмыстарының көрмесі, Наталья Дубстың жетекшілігімен Неміс Драма театры әртістерінің орындауымен Оскар Шлеммердің дайындауы бойынша триадалық балет премьерасы және музыкалық бағдарлама ұсынылды.

         Шараның ашылуына Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА ректоры Бибігүл Нүсіпжанова, ГЕТЕ институты оқу бөлімінің меңгерушісі Ева Шмидт, Қазақ-неміс университетінің профессоры Отто Рейхард, академиялық Алмасудың Неміс қызметінің директоры Бартоломео Минковски және басқа да көптеген қонақтар шақырылды.

         Шетел тілдер кафедрасының аға оқытушысы Төлегенова Гүлмира Көшкенбаева, «Дизайн» кафедрасы аға оқытушысы Наурызбаева Айнаш Сағатқызы, профессоры Молдабеков  Мұраталы Баймаханұлы жетекшілігімен «Дизайн» мамандығы 1 және 2 курс студенттері театрдың заттық-кеңістіктік ортасы, афишалар, шақыру билеттері, костюмдер шешімдерін және аталған шара инсталлациясын О. Шлеммер стилінде дайындады.

         Шығармашылық кеш соңында  профессор, педагогика ғылымдары докторы, Еуразия дизайнерлер одағы төрағасы Асылханов Ермек Сабырұлы Баухауз дизайн мектебі пайда болуы және тоқталуы тарихы, оның негізін қалаушылар және триадалық балет жасау бойынша О. Шлеммердің фәлсафалық ойлары бойынша қысқаша еңгіме өткізді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+