Сайт картасы
қаз

«Қазақ анимациясының жаңа толқыны: Көркемдік ізденістер мен бағыттар» атты дөңгелек үстел өтті

11.04.2018

      2018 жылдың 10-сәуір күні сағат 15.00-де Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ғылым апталығы аясында, «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубының ұйымдастыруымен «Қазақ анимациясының жаңа толқыны: көркемдік ізденістер мен бағыттар» атты дөңгелек үстел өткізілді.

      Дөңгелек үстелге қазақ анимациясының жас буын өкілдері қатысып, еліміз анимация өнерінің бүгінгі жай-күйін, көркемдік ізденістер мен бағыттарын, сонымен қатар заманауи өндіріс мәселелесін және оны шешудің жолдарын талқыға салды.

      Қатысушылар:

Адай Әбілда – режиссер-мультипликатор

Гүлнар Мүрсәлім – кинотанушы, Өнертану ғылымдарының кандидаты.

Тұрдыбек Майдан - режиссер-мультипликатор

Тілек Төлеуғазы - режиссер-мультипликатор

Ділшат Рахматуллин - режиссер-мультипликатор

Қуаныш Нағыз - режиссер-мультипликатор

Мейіржан Сандыбай - режиссер-мультипликатор

Баубек Нөгербек – кинотанушы, PhD

Нұргүл Абдолла – кинотанушы

ҚазҰӨА профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+