Сайт картасы
қаз

«ХХ – ХХІ ғасырлар тоғысындағы француз театрының негізгі даму бағыттары» атты семинар өтті

14.04.2018

      Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 9 – 13 сәуір күндері аралығында «ХХ – ХХІ ғасырлар тоғысындағы француз театрының негізгі даму бағыттары» атты театртанушы, орыс театры бойынша француз маманы, Консерватория профессоры, сахналық өнерді зерттеу лабораториясының (CNRS, ARIAS, Париж) жетекшісі  Беатрис Пикон-Валленмен біліктілікті жоғарлатуға арналған ғылыми-әдістемелік семинары болып өтті. Бес күнге созылған дәріс барысында ХХ-ХХІ ғасырдағы француз театрының тарихы толық қамтылды деп айта аламыз. Бүгінгі Батыс Европа театр өнеріндегі француз театрының орны жан-жақты сараланды. Сонымен қатар дю Солей театрының ашылған күннен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму бағыты спектакльдері арқылы сараланды. Ариан Мнушкин режиссурасы мен жұмыс істеу тәсілі де назардан тыс қалмады. «Приключение и авантюра театра дю Солей» документальді фильмі арқылы театрдың даму тарихымен таныстық. Режиссердің әрбір спектакльді қою барысында жасаған зерттеулері мен тапқан тәсілі бүгінгі күн тұрғысынан сараланған.  

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+