Сайт картасы
қаз

«ПОСТЕРЛІК БАЯНДАМАЛАР» КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ

14.04.2018

      2018 жылдың 12-сәуірінде Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының фойесінде Ғылым апталығы аясында 2-курс магистранттарының «Ең үздік постерлік баяндама-2018» конкурсы өтті.

      Постерлік баяндама – ғылыми деректерді постер түрінде ұсынудың тиімді әдістерінің бірі.

      Конкурстың мақсаты: бітіруші курс магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы инновациялық жетістіктерін көрсету. Конкурс ашық түрде өткізілді.

      Конкурстың нәтижесінде қатысушы магистранттар сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және барлық қатысушы магистранттарға сертификат берілді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+