Сайт картасы
қаз

Академияда Ғылым апталығының жабылу салтанаты өтті

17.04.2018

      2018 жылдың 09-13 сәуір аралығында Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Қ.З.Халықовтың жетекшілігімен Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жүргенов оқулары» тақырыбында Академияның Ғылым апталығы өткізілді. Ғылым апталығы аясында Пленарлық отырыстар, Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция, әр түрлі ғылыми-ұйымдастырушылық іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптар, танымал ғалымдардың дәрістері) ұйымдастырылды. Сондай-ақ, кинтотанушы ғалымдар, қазақ анимациясының жас буын өкілдері қатысқан «Қазақ анимациясының жаңа толқыны: көркемдік ізденістер мен бағыттар» атты дөңгелек үстел; жас ғалым, PhD философия докторы Молдияр Ергебековпен кездесу өткізген «Көзімнің қарасы» клубының мазмұнды жұмыстарын,  2-курс магистранттарының постерлік баяндамаларын презентациялауы және қорғауын атап өткен жөн. Апталықтың жабылу салтанатында филос.ғ.д., профессор Қодар З.М. «Ғылым мен өнердегі әйелдер» және өнертану докторы, Өнертану факультетінің деканы Нұрпейіс Б.К. «Қазақ театр өнерінің дамуындағы Т.Қ.Жүргенов рөлі» баяндамаларымен сөз сөйледі. «Ең үздік постерлік баяндама» магистранттары 1,2 және 3 дәрежелі Дипломдармен марапатталды. 1-дәрежелі дипломмен «Поэтика кочевнической культуры в живописных произведениях Нурлана Килибаева» тақырыбындағы постерлік баяндамасымен Омельченко Ксения марапатталды, ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты С.А.Шкляева. 2-дәрежелі дипломмен «Қазақстан графика өнерінің 1960-жылдардан қазіргі кезеңге дейінгі даму мәселелері мен тенденциялары» тақырыбындағы постерлік баяндамасымен Мамытова Самал марапатталды, ғылыми жетекшісі – профессор К.С.Оразкулова. 3-дәрежелі дипломмен «Этика взаимоотношений героев в современном казахстанском киноматографе» тақырыбындағы постерлік баяндамасымен Айтжанов Абылайхан марапатталды, ғылыми жетекшісі – доцент Н.Н.Беркова. 

      Академияда  өткен Ғылым апталығы Алматы мен Астананың басқа да ЖОО-ң қызығушылығын тудыруда. Мысалы, келесі жылы «Ең үздік постерлік баяндамаға» қатысуға Қазақ ұлттық хореография академиясының (Астана қ.) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Алматы қ.) магистранттары ниет білдірді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+