Сайт картасы
қаз

Академия Ректорының кубогына арналған шағын-футболдан жарыс өтті

18.04.2018

      2018 жылдың 14 сәуірінде дене тәрбиесі кафедрасы Аматы қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨ академия ректорының кубогына арналған шағын-футболдан жарыс өткізді.

      Жарыс ҚазҰӨА футбол алаңында өтті.  Жарысқа 10 команда қатысты.

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кафедра менгерушісі, профессор Михайлова Светлана Николаевна дене тәрбиесі кафедра оқытушылары және жарысқа қатысушы команда өкілдері ашылу шеруінде қатысты.

      Жарысқа қатысқан барлық топтар жеңіске деген ынтысы мен ойын барысында ұйымшылдық пен ас шеберлік көрсетті.

 Жарыстың нәтижесі;

1 орын –  Инновациялық Техникалық Колледж

2 орын – Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық құқық академиясы

3 орын –  Т.Қ.Жүргенов атындағы  ҚазҰӨА

      1-ші орын  алған  команда кубок, медаль және құрмет дипломымен марапатталды. 2,3 орын алған,  команда қатысушылары  грамоталармен және тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды. 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+