Сайт картасы
қаз

Өнер академиясының 85 жылдық мерейтойына орай «Өнер ұлт келбеті» атты концерті өтті

19.04.2018

      2018 жылдың 18 сәуірінде  Қазақ ұлттық өнер академиясы 85 жылдық мерейтойына арналған      «Өнер ұлт келбеті» атты  концерті Алматы қаласында  Республика сарайында дүйім жұрт алдында атап өтті. Кештің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова сөз алып, Академияның профессор-оытушы құрамы мен қызметкерлерін құттықтады. академия тарихынан сыр шертетін деректі фильмді көпшіліктің назарына ұсынылды.  Концертте Академияның танымал түлектері мен шығармашылық ұжымымен қатар  ҚР Халық әртистері Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова,   Рамазан Стамғазиев,    Нағима Есқалиева сынды белгілі өнер тұлғалар көпшілікке өз өнерлерін көрсетті. 

       Академияның шығармашылық ұжымы сондай-ақ Астана, Қызылорда қалаларында мерейтой аясында концерттерін беруді жоспарлап отыр.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+