Сайт картасы
қаз

1 курс студенті Авгамбаева Лаал үздік финалистердің қатарына шықты

19.04.2018

   3 сәуірде ТРЦ «DOSTYK PLAZA» ғимаратында «NEW GENERATION OPEN WAY 2018» атты VII Ұлттық жас дизайнерлер конкурсы өтті.

   Бұл конкурсқа қатысуға 500 жас дизайнерлер ұсыныс жасаған болатын. Бірақ финалға жүзден жүйрік 18 жас дизайнерлер ғана өте алды.

       Үздік финалистердің қатарында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы  колледжінің 1 курс студенті Авгамбаева Лааль. Ол ең үздік үштіктің қатарына ілініп, Мәскеудегі Сән апталығына, MERSEDES FASION WEEK ASTANA және  Азербайжан Республикасында өтетін Сән апталығына 10 модельден тұратын капсульдік киім топтамасын дайындап, қатысатын болады.

      Киім топтамасын дайындау барысында жетекші болған Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжі  «Киім дизайны» мамандығының оқытушылары Туралиева Айгуль және Джаржанова Алмагуль.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+