Сайт картасы
қаз

Қазақстан суретшілерінің гобелен бойынша шығармашылық тобының көрмесі өтті

21.04.2018

   2018 жылдың 7-ші сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайында Невзоровыхтардың отбасының (Семей) «Қазақ ұлттық қолөнер мерекесі» V облыстық фестивалі аясында Қазақстан суретшілерінің гобелен бойынша шығармашылық тобының көрмесі өтті.

   «Сәндік қолданбалы өнер» кафедрасының аға оқытушысы Бауыржан Досжанов, «Монументальды кескіндеме» кафедрасының түлегі Айдар Жамхан, «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының аға оқытушысы Малика Мукановалардың «Еуразиялық түркі бейнелері» атты жұмыстары көрсетілді.

Сонымен қатар фестиваль аясында М. Мұқанов заманауи Қазақстанның монументалды және сәндік гобелендеріне арналған шеберлік сыныптарын өткізді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+