Сайт картасы
қаз

Дене тәрбиесі кафедрасы Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨ академия ректорының кубогына арналған волейболдан жарыс өтті

24.04.2018

   2018 жылдың 21 сәуірінде дене тәрбиесі кафедрасы Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨ академия ректорының кубогына арналған  волейболдан жарыс өткізді.

 Жарыс К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттығу залында өтті.  Жарысқа 10 команда қатысты.

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кафедра менгерушісі, профессор Михайлова Светлана Николаевна дене тәрбиесі кафедра оқытушылары және жарысқа қатысушы команда өкілдері ашылу шеруінде қатысты.

Жарысқа қатысқан барлық топтар жеңіске деген ынтысы мен ойын барысында ұйымшылдық пен ас шеберлік көрсетті.

Жарыстың нәтижесі;

1 орын – Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА

2 орын – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет

3 орын –  Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы

  Үздік ойыншылар:

Оразбай Азамат–Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет

Мұқашбаев Мадияр– Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА

Мұхамедәшім Нұрдәулет–  Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы

 1 орын  алған  команда кубок, медаль және құрмет дипломымен марапатталды. 2,3 орын алған,  команда қатысушылары  грамоталармен және тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+