Сайт картасы
қаз

Хореография факультетінің магистранттарын балетмейстрлер байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!

25.04.2018

      2018 жылдың 12–14 сәуірінде Мәскеу қаласында Ресей Театр өнері институтында — ГИТИС X Халықаралық Ростислав Владимирович Захаров атындағы «Мария» жас хореографтар конкурсы өтті. Іс-шараны «Балетмейстр» факультеті ұйымдастырды. Конкурсқа факультетіміздің 1–2 курс магистранттары Цой А. және Бекетаева Б., студенттер 4РX Алещенко Н. және Хамзина М., студент 3РХ Мамут С. (орындаушы ретінде), жетекшісі — «Хореография режиссурасы» кафедрасының аға оқытушысы Габбасова Г. Н. қатысты.

      Факультеттің тарихында тұңғыш рет «Хореография педагогикасы» кафедрасының бірінші курс студенті Анна Цой хореографтар конкурсында үшінші дәрежелі лауреат атанды!

 «Хореография режиссурасы» кафедрасының екінші курс магистранты Бекетаева Баян «Сахна имиджінің жарқын көрінісі үшін» атты сыйлығымен марапатталды.

Г. Н. Габбасова «Мәдениет дамуына қосқан зор үлесі үшін» және Ресей Театр өнері институтымен — ГИТИС ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастық үшін алғыс айтты.

Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Хореография» факультеті жас ұрпақтың ұлттық дәстүрлерін және шығармашылық тәрбиесін ұстанғаны үшін дипломмен марапатталды.

Біз жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, оларды мақтан тұтамыз!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+