Сайт картасы
қаз

Колледжде II Халықаралық «Жас-Art 2018» театр фестивалі өз жұмысын бастады

25.04.2018

       2018 жылдың 23 сәуірінде Т.Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық өнер академиясының колледжінде Қазақстан Республикасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде  колледж студенттері аралығындағы II Халықаралық «Жас-Art 2018» театр  фестивалі  өз жұмысын бастады. Фестиваль аясында ҚазССР Халық әртісі, КазССР Мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрмухан Жантөриннің туғанына 90 жыл толуына  арналған «Қазіргі заманғы саяси және мәдени кеңістіктегі өнер мен білім» атты ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады. Қазақстанның әр облыстары   және Франция республикасынан қатысатын колледж студенттері "Қойылым" номинациясы бойынша өз өнерлерін көрсетуде.

              

Фестивальға қатысушылар:

Ақан Сері ат.  Көкшетау мәдениет колледжі

Ақтөбе көпсалалы  Тарлан  колледжі (Ақтөбе мемлекеттік университеті)

Абай ат. Жамбыл гуманитарлық колледжі, Тараз  

Алматы құрылыс және менеджмент колледжі

Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі

Т.Жүргенов атындағы ат. ҚазҰӨА мектеп-интернат, колледжі

ЛТЕ (Любительский Театр Ермашова)

Лицей Жан Жорес, Монтрей, Франция

Лицей Эдгар По, Париж, Франция

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+