Сайт картасы
қаз

КИНОТАНУШЫ БАУЫРЖАН НӨГЕРБЕКТІҢ ТУҒАНЫНА 70 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

26.04.2018

 Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Кино және ТВ» факультеті, «Өнертану» факультеті, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 30-сәуірінде сағат 10:00-де кинотанушы, педагог, Қазақстандағы кәсіби кинотанудың негізін қалаушы, өнертану кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің туғанына 70 жыл толуына арналған «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КОНТЕКСТІНДЕГІ ЗАМАНАУИ КИНО ӨНЕРІ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

      Аталмыш жиында кинотанушы Б.Р.Нөгербектің осыдан 25 жыл бұрын алғаш кинотанушылар шеберханасын қабылдаған дәрісханаға Б.Р.Нөгербек есімі беріліп, орнатылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтіп, Б.Р.Нөгербек атындағы шәкіртақы тағайындалады.

      Конференция аясында келесі мастер-класстар өтеді:

28.04.2018 ж. сағ. 11:00 – Толомушова Г. «Чингиз Айтматов и кино: к вопросу феномена экранизации классика» («Шыңғыс Айтматов және кино: классик шығармаларын экрандау феномені»).

30.04.2018 ж. сағ. 14:00 ­– Разлогов К.Э. «Множественная идентичность в медиапространстве» («Медиакеңістіктегі көпшілік сәйкестігі»).

30.04.2018 ж. сағ. 15:30 – Фомин В.И. «Специфика современного архивного киноведения» («Заманауи мұрағаттық кинотанудың ерекшеліктері»).

Сондай-ақ, 28 сәуір күні сағат 14:00-де Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Киноман» киноклубының ұйымдастыруымен А. Әмірқұлов «Қош бол, Гүлсары!» фильмінің көрсетілімі және тарих ғылымдарының кандидаты БМКИ-ның кино өнері ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері Кочеляева Н.А. жетекшілігімен талқылау өтеді.

Пленарлық мәжілісте:   

  • Нүсіпжанова Б.Н. – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры (Алматы, Қазақстан);
  • Разлогов К.Э. – өнертану докторы, профессор, Жаңа мәдениеттану институтының директоры (Мәскеу, Ресей Федерациясы);
  • Фомин В.И. – өнертану докторы, профессор, БМКИ-ның кино өнері ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері (Мәскеу, Ресей Федерациясы);
  • Тәуекел С. – продюссер, кинорежиссер, ҚазҰӨУ профессоры (Астана, Қазақстан);
  • Толомушова Г. – кинотанушы, FIPRESCI мүшесі, NETPAC мүшесі (Бішкек, Қырғызстан);
  • Кочеляева Н.А. – тарих ғылымдарының кандидаты БМКИ-ның кино өнері ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері (Мәскеу, Ресей Федерациясы);
  • Мұқышева Н.Р. – өнертану кандидаты, ҚазҰӨУ профессоры (Астана, Қазақстан) кинотанушы Б.Р. Нөгербектің шығармашылығы турасында және оның қазақ кинотану ғылымының дамуына, кәсіби қазақ кинотану мектебінің іргетасының қалануына қосқан орасан үлесі турасында және замануи кино өнерінің өзекті мәселелері төңірегінде сөз өрбітеді.  

Өтетін жері: Алматы қ., Панфилов к-сі 127, Оқу театры

Байланыс телефондары: +77073337337, +77071770072, +77756282848

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+