Сайт картасы
қаз

«Музыкалық өнер» факультетінде «Ашық есік күні» өтті

26.04.2018

      20.04.2018 жыл Т.Қ.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық  өнер академиясының «Ашық есік күні» өтті. Келген қонақтар, ұстаздар, оқушылар құрметіне факультетіміздің бір топ өнерлі жастары «Алатау» фольклорлық ансамбілі, гитаристерден құралған ансамбль және «Эстрадалық вокал» мамандығының студенттері Макин Адильхан мен Кенишкалиев Бексұлтан өнер көрсетті. Сонымен қатар жиналғандар назарына факультеттер бойынша бекітілген мамандықтар, оқу орнының жалпы тыныс-тіршілігі, жетістіктері жайында бейнефильм ұсынылды. «Музыкалық өнер» факультетінің «Дәстүрлі музыкалық өнер», «Эстрадалық вокал», «Эстрада оркестірінің аспаптары»,  кафедраларына  Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі, П.И.Чайковский атындағы алматы  музыкалық колледж студенттері және  тағы да басқа өңірлерден көптеген талапкерлер келді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+