Сайт картасы
қаз

«Рухани жаңғыру контекстіндегі заманауи кино өнері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында белгілі шетелдік кинотанушылар мастер-кластарын өткізді

30.04.2018

      Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2018 жылдың 28-30 сәуірінде кинотанушы, өнертану кандидаты, профессор, Қазақстандағы кәсіби кинотанудың негізін қалаушы Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің туғанына 70 жыл толуына арналған «Рухани жаңғыру контекстіндегі заманауи кино өнері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында белгілі шетелдік кинотанушылар мастер-кластарын өткізді. Мастер-кластарға Академия профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ кино өнеріне қызығушылық танытқан қонақтар қатысты.

      28/04/2018 – Қырғызстанның белгілі кинотанушысы, FIPRESCI мүшесі, NETPAC мүшесі Толомушова Гульбара Байышевна «Чингиз Айтматов и кино: к вопросу феномена экранизации классика» (Шыңғыс Айтматов және кино: классик шығармаларының экрандалу феномені) тақырыбында мастер-класс өткізді. Кездесу барысында кинотанушы Г.Б. Толомушова биыл туғанына 90 жыл толып отырған классик прозашы Шыңғыс Айтматовтың шығармаларының экрандалу феноменін талдады. Мастер-кластан соң «Киноман» киноклубының ұйымдастыруымен А. Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары!» (2008) фильмінің көрсетілімі және талқылау. Мәжілісті жүргізген: Кочеляева Нина Александровна, тарих ғылымдарының кандидаты, С.А.Герасимов атындағы БМКИ киноөнері ҒЗИ жетекші ғылымы қызметкері. Талқылауға «Қош бол, Гүлсары!» (2008) фильмінің режиссері Ардақ Әмірқұлов арнайы келіп қатысты.

      30/04/2018 – өнертану докторы, профессор, Жаңа мәдениеттану институтының президенті, Ресей кинотанушылары мен киносыншылары гильдиясының президенті, Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің бағдарламалық директоры Разлогов Кирилл Эмильевич «Множественная идентичность медиапространства» («Медиакеңістіктің көптүрлі сәйкестілігі») тақырыбында мастер-класс өткізді. Мастер-класста профессор К.Э. Разлогов қазіргі таңда әлемдік медиакеңістікте, соның ішінде кинематографта орын алып отырған сәйкестіліктің көптүрлігі туралы баян етті. Кездесу барысында заманауи кино өнерінің жетекші режиссерлерінің негізінен этникалық сәйкестілігі мен мәдени сәйкестілігі туралы сөз қозғалды.

      30/04/2018 – өнертану докторы, профессор, С.А.Герасимов атындағы БМКИ киноөнері ҒЗИ жетекші ғылымы қызметкері, Мемлекеттік басқару университітінің профессоры (Мәскеу, РФ) Фомин Валерий Иванович  «Специфика современного архивного киноведения» («Заманауи мұрағаттық кинотанудың ерекшеліктері») тақырыбында мастер-класс өткізді. Мастер-класта кинотанушылардың мұрағаттарда жұмыс істеу ерекшеліктері жайлы баян етіп, өзінің көпжылдық тәжірибесімен бөлісі. Тыңдаушылар назарына Қазақстан кино саласының тарихына қатысты бірегей мұрағаттық құжаттардың көшірмелері ұсынылды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+