Сайт картасы
қаз

Қазақ-неміс тілдері бір-бірімен жақындай түсетін болады

28.04.2018

      2018 жылдың 28 сәуірінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дизайн» кафедрасында «Неміс тілі орталығы» ашылуы өтті. Орталықтың қызметі «Дизайн» кафедрасының Германия ЖОО факультетерінің ынтымақтастығына арналды. Сондай-ақ, «Неміс тілі орталығы» Академия студенттерін қазақ-неміс тілдерін байланыстыру тұрғысында екі ел тарихы мен мәдениетін таныстырды. «Неміс тілі орталығы» интерьерлері Академияның «Интерьер дизайны» және «Жиһаз дизайны» мамандықтары 2 және 3 курс студенттері даярлады. Аталмыш шараға Консулдың    мәдениет бойынша атташесі  Вероника Гончаров, Алматыдағы Гёте   институтының директоры Ева Шмидт, Академиялық алмасу неміс қызметінің директоры Барталамео Минковский сынды неміс орталықтарының өкілдері қатысты.

      "Екі ел арасындағы мәдени, білім беру жүйесіндегі байлансыты арттыру мақсатында Неміс тілінің орталығын ашайық деген ой келді. Екі жылдан бері Германияның Аахен деген қаласында Қолданбалы ғылымдар университетіне біздің студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқу-тәжірибеден өтіп жүр. Неміс әріптестеріміз біздерге неміс тілін жетік меңгерген студенттерді қабылдаймыз. Сол үшін академияда және колледжінде   неміс тілін оқытуды басты назарға алуды ұсынды. Сол кезден бері ағылшын тілінің орнына неміс тілін тұрақты оқытып келеміз. Студенттер өте қызығушылықпен оқып меңгеріп жатыр. Сондай-ақ, Неміс тілін кеңінен үйретуде Гёте институты көп қолдаулар көрсетуде. ДААД академиялық ұтқырлық бағдарламасының көмегімен оқуға түсу үшін неміс тілінің бастапқы деңгейін меңгеру керек деген талаптар қойылды. Міне, осы мақсатта Неміс тілі орталығын аштып. Ең бастысы бұл идеямыз Германиялық ұйымдары мен Сәндік-қолданбалы ғылымдар унивесрстеті өкілдеріне ұнады", - деп айрықша атап өтті Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының неміс тілі орталығының жетекшісі Гүлмира Көшкенбаева.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+