Сайт картасы
қаз

Дарынды тұлғалар қалыптастырған кино мектебі өнер Академиясында

18.05.2018

   С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты  (БМКИ)   100 жылдық мерейтойы аясында   Алматы қаласының Достық үйінде екі ел өнер Ордасының шығармашылық ұжымы,  сондай-ақ  аталмыш институттың әр жылдардағы түлектері  баспасөз отырысында бас қосты. Бұл  БМКИ-діӊ 100 жылдық мерейтойын мерекелеу аясындағы «Қазақстандағы БМКИ күндері»   шарасын    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізілді.

   «Институт басқа шет елдерге қарағанда Қазақстанмен өте тығыз қарым-қатынаста. БМКИ Қазақстанға бірінші рет келіп отырған жоқ. Тіпті БМКИ бұл жерде соғыс кезінде жәй ғана 2 жыл қоныстанбады, бірігіп, ауызбіршілікпен тату-тәтті жұмыс істеді. Біздің ардагер-ұстаздарымыздың айтуынша, қазақстандықтар сол бір қиын заманда нандарымен бөлісіп, қолдарынан келген көмектерін аямаған», – БМКИ  ректоры Владимир Малышев айрықша атап айтты.

Сонымен қатар, инситут ректоры алдағы 2019 жылы Мәскеуде өтетін 100 жылдық мерекелік мерейтойға Қазақстандағы барша институт түлектерін арнайы шақырды. Қазақстандық түлектерді институт жатақханасында жатын орындармен қамтамасыз ететін болады.

Сонау Кеңестер одағы заманынан бері кино өнерінің бастау бұлағы болған кино мектебінде  қазақ кино өнері мен мәдениетіне қомақты үлес қосқан Сатыбалды Нарымбетов, Сергей Азимов, Лаврентий Сон және көптеген дара тұлғалар қалыптасып шықты. Жиында алдағы уақытта да осындай талантты киношылардың ізін жалғастыратын екі елдің   кинематография саласының тығыз байланысы болуын және  келешек ұрпақтың  мәдени ынтымақтастығын арттыру қажеттігін  айтты. себебі болашақта екі   елдің арасындағы   мәдени құндылықтар әрқашан ортақ болған, болашақта да қасиетті өнерде шекара болмасы анық.

 Осы сапар барысында институттың ең дарынды студенттері   алматылық көрермендер үшін: «Евгений Онегин», «Говорящий немой» атты екі спектакль және концерттік қойылымдарды, ал БМКИ шеберлері  пайдалы шеберлік сыныптарын   өткізді.  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері             шеберлік сабақтарын    «үлкен қуанышпен» қабылдады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+