Сайт картасы
қаз

100 жаңа оқулық – жарқын болашақ жолындағы нақты қадам

31.05.2018

      Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия кітапханасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жоба аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып және таныстыру рәсімі өтті.

      Елбасы бастамасымен қоғамдық сананы жаңғырту қоғамымыздың ең серпінді бөлігі, зор инновациялық әлеуетке ие жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Жоба Қазақстандық студенттерге ең таңдаулы заманауи білімге қол жеткізуіне, білім сапасын арттырып, білім саласындағы жаһандық бәсекелестікке дайындалуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, әлемдік ғылымның үздік үлгілерін аудару қазіргі қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға мүмкіндік туғызады. Шараға оқытушылар мен студенттер, магистраттар қатысты.

     Жиында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия кафедрасының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымы» философия ғылымдар докторы Алия Шарабекқызы Алимжанова   Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлы мақаласында заман талаптарын ескерген тың бастамалар көтерілгені белгілі. Бұл бастамалар қазіргі әлемнің даму қарқыны мен ерекшелегін ескере отырып, халқымыздың рухани өміріне жаңа серпіліс берді. Мұндай маңызды мәселелердің қатарында сөзсіз «100 жаңа оқулық жобасын» атап өтуге болады.

      ХХІ ғасыр – саяси-экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер ғана емес, білім мен ғылымның да бәсекеге түсетін заманы. Елбасымыз «еліміздің басты капиталы – білімді жастар» деген қанатты сөзі де осының дәлелі. Ал білімнің нәрі – кітапта. Осы тұрғыдан келгенде «100 жаңа оқулық жобасы» заман талабынан туындаған тың бастама. Бұл бастаманың мәні – гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемнің ғылыми сапалық көрсеткіші жоғары 100 оқулықты қазақ тіліне аудару болып табылады. Сөзсіз қазақ тіліне озық кітаптарды аудару арқылы мемлекетіміз жастарға әлемнің таң­даулы үлгілері негізінде білім алуға мүмкіндік жасайды.

      Еліміздің халықаралық саяси аренадағы беделді орны мен ел өмірінің жақсаруы алдымызға жаңа бағындырар белес пен мақсататар қойып отыр. Ол жастарымыздың жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуына жағдай жасау болып табылады. Соның бір жолы осы «100 жаңа оқулық жобасы». Бағдарлы мақала жарияланған күннен бастап-ақ аталмыш жоба аясында үздік оқулықтардың ауқымды тізімі әзірленген болатын. Сонымен қатар ұлттық аударма бюросы құрылып, таңдалған оқулықтарды аудару жұмысына кіріскен. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінде әлемнің озық кітаптары қазақ тіліне аударылды. Жарық көрген кітаптар гуманитарлық білімнің өзегі болып табылатын философия, әлеуметтану, психология, филология саласын қамтыған. Бұл жарқын болашаққа жасалған тың қадам деп нақты тұжырымдауға болады,  — деді Алия Шарабекқызы.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы Қазақстан халқының рухани жаңаруына және қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының жаңа кезеңіне жол ашады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+