Сайт картасы
қаз

Мәжіліс депутаттары Академия қызметкерлерімен бірге кинематография туралы заң жобасын талқылады

02.03.2018

ҚР Парламенті Мəжілісі депутаттарының жұмыс тобы  Т.Жүргенов атындағы өнер Академиясында "Кинематография туралы", "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына байланысты кездесу өткізді.

Парламенттің Әлеуметтік мәдени даму комитетінің хатшысы, жұмыс тобының жетекшісі Бейбіт Мамраевтың айтуынша, бұған дейін елімізде кино тура­лы арнайы заң болмаған, қол­даныстағы «Мәдениет туралы» заңда фильмдердегі ұлттық тіл, прокат сияқты кино қатынастарды реттейтін алты бап қана бар екен. Сол себепті, заң жобасы негізінде отандық киноиндустрияны одан әрі дамытудың тұжырымдамалық негізінде ұлттық киноөнімдерді қолдау Қорын құру; республика аумағында фильмдерді жүйелеу және есепке алу мақсатында фильм­дер прокаты, мониторингінің ақпараттық жүйесін құру; жекелеген заңды тұлғаның жұмысы арқылы ұлттық мәдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдерді және олардың бас­тапқы материалдарын сақтау мәселесі басты назарға алынған.

Режиссер С.Нарымбетов жыл сайын «Қазақфильмнен» шығатын оншақты өнімнің ара-салмағына мән беріп, тарихи фильм мен анимациялық фильмдердің үлесін азайтып алмауға шақырды. Кинопродюсер мамандығы бойынша мықты маман әзірлеу де мәселенің бір түйінін шешу­ге септігін тигізбек. Бүгінгі «про­дюсермін» деп жүргендердің көпшілігі кешегі фильм әкімшісі мен картина директорлары. Продюсер кино процесті бизнес­ке айналдыра алатын адам болуы шарт. Оның ойынша, уақытқа қарай кино құпиясын меңгерген нағыз продюсерлер енді туып келеді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+