Сайт картасы
қаз

Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи қалаларында болып қайтты

07.06.2018

   Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы, профессор Б.Н.Байділда және «Кескіндеме және мүсін» кафедра меңгерушісі, профессор Б.С.Тұрғынбайдың  жетекшілігмен 3 курс  студенттері  музейлік іс тәжірибе бағдарламасы бойынша  2018 жылдың  28 мамыр мен 2 маусым аралығында Өзбекстан Республикасында  Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи (Ташкент, Хива, Бухара, Самарканд) қалалармен танысып қайтты. Іс тәжірибе барысында Ташкент қаласындағы К.Бекзода атындағы ұлттық сурет және дизайн институтында болып, профессор-оқытушылардың біліктілігін артыру және студенттеріміздің бір-бірімен тәжірибе алмасып, келешекте академиялық үрдісте қарым-қатынасты нығайту мақсатында екі ЖОО арасында келісім шартқа қол қойылды.             Музейлік іс тәжірибенің алғашқы қадамын Төлеби  бабамыздың  кесенесінен бастадық. Әрі қарай  Хива (Ичан-қала) символы - Ислам Қожаның мұнарасы мен мешіті т.б. сәулеттік ескерткіштер тарихымен, Бухара қаласында  Калян мұнарасымен, мешіті және Ұлықбек медресесінен (1417) бастап көптеген сәулеттік ансамбльдерімен, Самарканд қаласында Регистон алаңындағы үш керемет: Ұлықбек медресесі (XV ғ.), Медресе Шир-Дор (17 ғасыр), Медресса Жалаңтөс Бахадур (17 ғасыр), содан кейін Гури Эмир  - Тамерлан кесенесі (14-15 ғғ.), Улугбек обсерваториясы (15 ғасыр) т.б. тарихи орындарымен танысып,  қысқа мерзімді нобайлар сызып, көптеген материалдар жинап  рухани  дүниесін толықтырып, студенттеріміз керемет әсермен оралды. Музейлік іс тәжірибемізді толыққанды өткізіп келуімізге жағдай жасағаны үшін академия басшылығына алғысымызды білдіреміз!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+