Сайт картасы
қаз

Санкт-Петербургтегі тәжірибе Академия студенттерін ерекше әсерге бөледі

07.06.2018

   «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің «Кескіндеме және мүсін» кафедра оқытушысы С.З.Агатаев  және «Академиялық сурет және станоктік графика» кафедрасының аға оқытушысы А.Т.Тазабекова жетекшілігімен  «Станоктік графика» мамандануы және «Бейнелеу өнері туындыларын реставрациялау» мамандануының  4 курс  студенттері  музейлік іс тәжірибе бағдарламасы бойынша  2018 жылдың  28 мамыр мен 2 маусым аралығында Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласының өнер мұражайларымен,  қаланың көрікті жерлерімен танысып қайтты.

      Музейлік іс-тәжірибе барысында И.Е.Репин атындағы Сантк-Петербург мемлекеттік кескіндеме, мүсін және архитектура институтының басшылығымен танысып, оқу орын мұражайына экскурсия өткізілді. «Кескіндеме», «Графика» факультеті студенттерінің жаздық сессия жұмыстарының көрмесін тамашалалап, оқу барысымен танысты.Іс тәжірибе барысында Санкт-Петербург қаласының көрікті жерлерін аралап, сәулеттік ескерткіштер тарихымен, атап айтқанда,  Петропавловск бекінісі, Сенат алаңы, Смольный, Спаса-на-Крови, Коломна, Николь,  Исаакиев ғибадатханасы мен алаңы және т.б. музейлік іс тәжірибенің үшінші күні Петеоргофқа экскурсия жасалды. Петергоф 1710 жылы императорлық қала сыртындағы резиденция ретінде негізі қаланған. Қала мәртебесі 1762 жылы берілді. Петергофта XVIII-XIX ғасырлардағы әлемдік архитектура және сарай-бағы өнерінің ескерткіші «Петергоф» мұражай-қорығын аралады.

      Ұлы Петр атындағы этнография және антропология мұражайы Кунсткамера экспонаттарымен танысты.Ресейдегі және дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мемлекеттік «Эрмитаж» мұражайын аралап, әлемге әйгілі суретшілер Леонардо да Винчи,  Рембрандт, Рафаэль, Микеланджело, Тициан, Веласкес, Джорджоне туындыларын өз көздерімен тамашалай алды.  Сонымен қоса,  Мемлекеттік Орыс музейін аралап, И.Е.Репин залын, И.И.Левитан, И.И.Шишкин, т.б. залдарын аралап,  К.П. Брюллов,  И.К.Айвазовский,  Г.И.Угрюмов, В.А.Тропинин т.б. белгілі суретшілер шығармаларын тамашалады.

      Осы музейлік практика барысыныда студенттер Санкт-Петербург қаласының тарихи орындарымен танысып,  қысқа мерзімді нобайлар сызып, көптеген материалдар жинап  рухани  дүниесін толықтырып, студенттеріміз керемет әсермен оралды. Осындай музейлік іс тәжірибелер студенттер үшін өте қызықты да және маңызды тәжірибе.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+