Сайт картасы
қаз

«Сценография» кафедрасында «Театр сәндік өнері» және «Театр, кино және ТВ космюмінің сценографиясы» мамандандырулары бойынша дипломдық жұмыстарының қорғауы өтті

08.06.2018

2018 жылы 8 маусымында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Сценография» кафедрасында «Театр сәндік өнері» және «Театр, кино және ТВ космюмінің сценографиясы» мамандандырулары бойынша дипломдық жұмыстарының қорғауы өтті.

МАК Төрағасы: Досқан Қалиұлы Жолжақсынов – Қазақстанның Халық Артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Комиссия мүшелеріӘмірбеков Ш.А. тарих ғыл.докторы, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ректоры міндетін атқарушысы; Халықов Қ.З. филос.ғыл.д., ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры; Құлбаев А.Б. өнертану канд, профессор, «Театр өнері» факультетінің деканы, Тұранқұлова Д.Т. профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі,  Қаржаубаева С.К. – өнертану докторы, профессор  «Сценография» кафедрасының меңгерушісі; Жаңбыршиев О.Ж. – профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.   

«Театр сәндік өнері» бойынша диплом қорғаушылар:

Курстың көркемдік жетекшісі: Туяқов Есенгелді Жұмағұлұлы, ҚР Еңбек Сіңірген Қайраткері.

Бежина Инна - тақырыбы: Т. Ульямстың «Тілек» трамвайы» атты пьесасы бойынша спектакльдің сценографиялық шешімі.

Қабиден Мағжан - У. Шекспирдің «Отелло» атты пьесасы бойынша спектакльдің сценографиялық шешімі.

Корганбаева Рамина - Ш. Айтматовтің «Ғасырдан да ұзақ күн» романы бойынша спектакльдің сценографиялық шешімі.

Медетбек Нурила - У.Шекспирдің «Лир патша» пьесасы  бойынша спектакльдің сценографиялық шешімі.

Пономарева Анастасия - Ш. Гуноның «Фауст» атты операсының  сценографиялық шешімі.

Чернушенко Екатерина - А.С.Пушкиннің «Тас қонақ»  пьесасы бойынша спектакльдің сценографиялық шешімі.

 

«Театр, кино жыне ТВ космюмінің сценографиясы» бойынша диплом қорғаушылар:

Курстың көркемдік жетекшісі: Возженикова Любовь Витальевна – аға оқытушы.

Джайлаубаева Гаухар, Сатынбай Мөлдір - Р. Аллер мен И. Меччидың «Арыстан Патшасы» атты пьесасы  бойынша спектакльдің костюмдік шешімі.

Хайруллаева Молдир, Намал Аружан - М.О.Әуезовтың «Қаракөз» атты пьесасы бойынша спектакльдің  костюмдік шешімі.

Бақтияр Жанар - О.Уальдтің «Леди Уиндермердің желдеткіші» атты пьесасы бойынша спектакльдің  костюмдік шешімі.

Балтабаева Нәзира, Айнабекова Лейла, Мусатаева Азиля - К. Хаффнер мен Р. Жененің «Жарканат» атты пьесасы бойынша спектакльдің костюмдік шешімі.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+