Сайт картасы
қаз

Пікірсайыс жаңа белестерге жетелейді

14.06.2018

  14 маусымда Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шаңырағында «Қазақ руханиятының жаңа ренессансы» атты республикалық пікірсайыс трнирі болып өтті. Пікірсайысқа Қазақ елінің түкпір-түкпірінен 100-ден астам қатысушы жиналды. Пікірсайыстың негізгі мақсаты Елбасы жолдауы мен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мәнін ашу, негізгі ережелерін түсіндіру болып табылды.

Республика ауқымында өткен осы маңызды іс-шара мемлекеттің дамуын айқындайтын жоғарыда айтылған құжаттарды түсіндіру ісінде жаңа белестерге себепкер болды дей аламыз. ХХІ ғасырда адамның қызметін автоматтар мен машиналар басып жатқандығы, адами қатынастардың виртуалды әлемге көшуі секілді күрделі құбылыстардың орын алуы, рухани құндылықтардың маңызының артуына алып келді.

Қатысушы студенттер қауымы рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытуға деген өз көзқарастарын білдіріп, бұл құндылықтардың КЕл болашағындағы орнын анықтады.

Жастар қауымы Ел болашағы мұндай жастар барда, Еліміздің болашағы жарқын екендігінде ешқандай күмән жоқ деп атап өтті Аман Бекенұлы Құлбаев. Жаңа дәуір жаңа көшбасшылар мен көшбасшылықты талап етеді. Әрине, бұл ретте Еліміздің руханиятының алатын орны да маңызы да ерекше. Елбасы Жолдауы да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да Еліміздің алдында тұрған түрлі белестерді бағындырып, бәсекеге қабілетті кемел ұлт қалыптастыруға бағытталғандығын барлық қатысушылар атап өтті.

Әр адамның бәсекеге қабілеттігі ұлттың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді. Ал ұлттың бәсекеге қабілетті болуы жаңа дәуірде оның ғұмырының баянды болуына ықпал ететіндігі сөзсіз. Алайда ұлтты ұлт ететін оның мәдениеті мен өнері. Бұл бастамасыз адам өзінің тегі мен рухани құндылығынан, ұлттық кодынан айрылып қалады.

Қатсушы жастар осындай ой-тұжырымға келіп тарқасты. Жәй тарқаспады қайта жүздесу үшін тарқасты.

Т. Жүргенов атындағы өнер академиясы өзінің маңызды интеллектуалды орталық екендігін қайта көрсетті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+