Сайт картасы
қаз

Костал Каролина Университетінің профессоры Анна Олдфилд бастаған делегация өкілдерімен кездесу өтті

27.06.2018

Үстіміздегі жылдың 25-27 маусым аралығында академиямызға АҚШ-тың Костал Каролина Университетінің профессоры Анна Олдфилд бастаған делегация келді. Делегацияның мақсаты физикалық театр, американдық ғылыми журналдарға мақала жазу және йога бойынша шеберлік сыныптар өткізу болып табылады. Бұл іс-шараға академиямыздың 50-ге жуық оқытушылары мен білім алушылары қатысқан болатын. Делегация құрамындағы Костал Каролина Университеті профессорының көмекшісі Бен Сота мырза шеберлік сыныптың жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Атап айту керек, оқытушылар мен білім алушыларға шеберлік сыныпқа қатысқаны үшін салтанатты түрде сертификаттар табыс етілді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+