Сайт картасы
қаз

"Царицыно" мұражайындағы ІІІ Ресейлік қазіргі заман гобелен және тоқыма өнерінің триеннале аясындағы кездесу

23.06.2018

   Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік мәдени-тарихи байланыстарды нығайту мақсатында С.Г.Строганов атындағы Мәскеу көркем-өнеркәсіп академиясының шақыруымен 2018 жылдың 18-23 маусым аралығында  «ІІІ Ресейлік қазіргі заман гобелен және тоқыма өнерінің триенналесі» Халықаралық көрме жобасына қатысты. Олардың қатарында Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылары «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Базарбаева Раушан Еркенқызы, «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының аға оқытушысы Мұқанаов Мәлік Флоберұлы, «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедрасының оқытушысы Досжанов Бауыржан Тәттібекұлы және Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедрасының оқытушысы Қырықбаева Айгүл Молдабайқызы болды. Аталмыш көрме С. Г. Строганов атындағы Мәскеу көркем-өнеркәсіп өнер академиясы және Мәскеу қаласындағы "Царицыно" мұражай-қорығының қолдауымен ұйымдастырылды.

   20 мамырда «XXI ғасырдың вердюрасының» ұраны болып табылатын негізгі экспозиция үшжылдығының ашылу салтанаты болып өтті. Триеннале ұраны – «Торлы тоқыма» («Вердюра») өнерінің ең үздік тарихи үлгілерінің қазіргі заман авторларын таныстырып қана қоймай, шығармашылық ой елегінен өткізуге шақыру болатын.  «Торлы тоқыма» («Вердюра») Триенналесін ұйымдастырушылар тақырыпты ашу үшін авторлардың пайдаланылатын  бастау нүктесінің қажеттілігін қарастырады.

   21 мамырда  Ресей көркем-өнеркәсіп өнер академиясының «Ақ залында» болып өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда М. Ф. Мұқанов  триеннале көрмесінің қатысушылар   назарына «Қазақстанның қазіргі заман сәндік-қолданбалы тоқыма өнері» атты баяндамасын арнады.

   Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқытушылар тобы триеннале шарасы барысында С. Г. Строганов атындағы Мәскеу көркем-өнеркәсіп өнер академиясының «Өнеркәсіптік тоқыма» мамандандыруы студенттерінің диплом жобасын қорғауына қатысты. Сондай-ақ тоқыма өнері бойынша Гавин Сергей Владимирович және Шмакова Алла Алексеевна сынды мәскеулік танымал өнер иелерінің көркемөнер шеберханасында болып танысып  тәжірибе алмасты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+