Сайт картасы
қаз

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамының Дагестандағы III халықаралық конференцияға қатысуы

03.09.2018

      Конференция бірқатар мәселелерге арналды: гендерлік мәселелер полиэтникалық және көп конфессиялық қоғамдарда; әйелдерге қатысты кемсіту, ол отбасындағы маңызды проблемалардың себебі болып табылады; үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, құқық қорғау органдарының келісілген күш-жігерін талап ететін мұсылман республикаларында қалыптасқан жағдай. Сондай-ақ, саяси, қоғамдық және діни күрестің қарқындылығын төмендетуге бағытталған саяси және қоғамдық өмірге әйелдерді тарту қажеттілігі туралы.

      Конференцияға алыс шетелдер өкілдері қатысты: Түркия Республикасы, Үндістан Республикасы, Индонезия Республикасы, Малайзия; Жақын шетелден: Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия;Солтүстік-Кавказ федералды округі: Дагестан Республикасы, Ингушетия Республикасы, Кабардино-Балкария Республикасы, Қарашай-Черкесская Республикасы, Солтүстік Осетия-Алан Республикасы, Ставрополь өлкесі, Шешенстан Республикасы;Мәскеу, Санкт-Петербург, Татарстан Республикасы, Башқұртстан Республикасы.

      Конференцияда баяндамашылар баяндама жасады:

      МАИН академигі, профессор, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Алимжанова Әлия Шарабекқызы, МАИН академигі, профессор Шаймерденова Меңдығаным Жамалбекқызы

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+