Сайт картасы
қаз

ҚҰРМЕТТІ АКАДЕМИЯНЫҢ ОҚЫТУШЫЛЫҚ-ПРОФЕССОРЛЫҚ ҚҰРАМЫ Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА авторларды ынталандыруға бағытталған байқауға құжаттар қабылдайды

03.09.2018

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында   Web of Science (Thomson Reuters)Scopus халықаралық базаларына кіретін импакт-факторы нөльден төмен емес журналдарда жарияланған мақала, сонымен қатар жеке-дара автормен жарияланған монографияоқулықоқу құралы авторларына  сыйақы тағайындау конкурсы жарияланды. 

Ғылыми еңбектер Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА тарапынан 2018 жылы жариялануы тиіс.

Барлық құжаттарды 2018 жылдың 10 қыркүйегіне дейін  26 кабинетке тапсыру қажет. 

Қажетті құжаттар:

  • Қатысу жөніндегі Өтінім;
  • Мақала шыққан журналдың импакт-факторы нөлден төмен емес жөнінде АҚ «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» анықтамасы;
  • Монография, оқулық, оқу құралдары баспалық нұсқасы ұсынылуы тиіс (жеке-дара автор болуы міндетті);
  • Журналдың түрлі-түсті мұқабасы және көшірмесі
Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+