Сайт картасы
қаз

Жемқорлық Академия студенттерінің көзімен

05.09.2018

2018 жылдың  5 қыркүйегінде Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында "Нұр Отан" партиясы Медеу аудандық филиалы өкілдерінің ұйымдастыруымен «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті студенттерінің арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы карикатуралар байқауы» өткізілді.  Шығармашылық жұмыстардың тақырыбы қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды бейнелеуге арналды.

Байқаудың мақсаты қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда жемқорлыққа жол жоқ екендігін азаматтардың санасына сіңіру.

  Аталған шараға "Нұр Отан" партиясы Медеу аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары Сағымбеков Слямxан Мұқатайұлы, "Нұр Отан" партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұқанова Меруерт Серікқызы және бірқатар академияның кескін өнерінің ұстаздары  қатысты.

Байқау комиссияларының қорытындысы бойынша бірінші орынды «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің студенті Шалқар Тұрғанов, екінші орынды Ольга Цой иемденді.

Алдағы уақытта "Нұр Отан" партиясы Медеу аудандық филиалы және Академия арасында қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кеңінен насихат жұмыстарын жүргізу шаралары    жалғасын таппақ.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+