Сайт картасы
қаз

«Педагогика және өнер» журналының негізгі тақырыбы рухани жаңғырудың ерекшеліктеріне бағытталды

07.09.2018

   Республикаға танымал «Педагогика және өнер» атты журналдың 2018 жылғы №3(71) саны Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы мен профессор-оқытушылар құрамының ғылыми мақалаларына арналды.

   Басылымда кафедра оқытушылары Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлы мақаласында көтерілген рухани адамгершілік идеяларын негізге ала отырып, оқу-әдістемелік жетістіктері мен ғылыми жаңалықтарын, білім берудегі заманауи интербелсенді әдіс-тәсілдері мен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселесіне қатысты өз ойларын оқырман қауымға кеңінен таныстырды.

   Журналдың алғашқы бетінде кафедра меңгерушісі, профессор А.Ш. Алимжанованың «Мамандығым - мақтанышым» атты мақаласы жарияланып, өнер саласында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мен Отанға лайықты қызмет етіп, мемлекетіміздің дамуына сүбелі үлесін қосатын тұлғаны қалыптастыру ісіндегі Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының қызметі, ғылыми әлеуеті баяндалған.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+