Сайт картасы
қаз

Академияда әлемге әйгілі мүсінші Даши Намдаковпен шығармашылық кездесу өтті

10.09.2018

   2018 жылдың 10 қыркүйегінде «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті танымал ресейлік мүсінші, суретші, зергер, Ресей суретшілер одағының мүшесі Даши Намдакпен шығармашылық кездесу өткізді.

   Әлемге әйгілі мүсінші Даши Намдаков «Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының», «Кескіндеме, мүсін және дизайн», «Өнертану» факультет студенттерімен жеке шығармашылық кездесу өткізді. Даши Намдаков өз өмірбаянымен қатар шығармашылық еңбектері жайлы өте тың маңызды әңгіме сұхбат жүргізді. Ол өзінің студенттік жылдардағы қызықты оқиғаларымен және студенттер үшін пайдалы шығармашылық тәжібесімен бөлісті. Факультет деканы Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, профессор Бауыржан Байділда кездесу барысында қазіргі таңда академия студенттерінің Намдаков шеберханасына тәлімгерліктен өту үшін Ресейге барудың мүмкіндіктерін  қарастыратынын атап айтты.

  Студенттердің тарабынан оның әйгілі Астанадағы орнатылған «Томирис» монументалды шығармасының дүниеге келуі және жаңадан жасалынып жатқан шығармашылық еңбектері жайлы түбегейлі жауап алды. Кездесуге мұрындық болған «Евразия Мәдени Альянс» қоғамдық қор директорының орынбасары Ольга Веселоваға алғысымызды білдіреміз.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+