Сайт картасы
қаз

Академия түлегі Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтары» фильмі «Берлинале» кинофестивалінде жүлде алды

12.09.2018

   Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі, режиссёр Эмир Байғазин 75-ші Венеция кинофестивалінде «Көкжиектер» секциясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Өзен» фильмімен үздік режиссёр болып танылды. Академия мақтанышы Эмирді осы маңызды, тамаша жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

   Эмир «Өзен» фильмінің тек режиссері емес, сценарий авторы, қоюшы операторы, продюсері болды. Сол секілді туындының монтажына да белсене қатысқан. Айта кетерлігі, бұл Аслан жайлы трилогияның соңғы бөлімі. Оған дейін  «Асланның сабақтары» («Уроки гармонии») мен «Жаралы періште» («Раненый ангел») картиналары жарыққа шыққан еді. Олар 2013 пен 2016 жылдары Берлинале кинофестивалінде қойылған болатын. Көркемдік деңгейі үшін күміс медальмен арнайы марапатталған.

Айта кету керек, фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазақфильм» акционерлік қоғамы, Польшаның кино институтымен қатар, Sorfond (Норвегия) қаржыландырды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+