Сайт картасы
қаз

Академия ректорының міндетін уақытша атқарушы халықпен кездесті

20.09.2018

2018 жылдың 20 қыркүйегінде Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры уақытша міндетін атқарушы, саяси ғылымдарының ректоры, профессор Шәріпбек Әмірбеков  халыққа есеп беру жиынын өткізді. 

Есеп беру жиынында академияның 2017-2018 оқу жылдарына шолу жасалып, оқу орнының шығармашылық жұмыстары, қаржылық-шаруашылық, әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөнінде есебі тыңдалып, жетістіктері жария етіліп, академияның алдағы стратегиялық даму бағыттары таныстырылды. Жиынға Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі, белгілі  өнер және қоғам қайраткерлері, Алматы қаласы және Алмалы  ауданы әкімдігінің өкілдері, «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы өкілдері, академияның оқытушы-профессорлар құрамы,  студенттер мен ата-аналар, қала тұрғындары және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Бүгінгі күні академиядағы студенттердің көпшілігі ауыл жастары. Мемлекет қолдауының арқасында оқу орнында еліміздің әр түкпірінен келген білім алушыларға заманға сай, әлемдік деңгейдегі өнер шығармашылығы мен білімді игеруге барынша жағдай жасалған. Бұл іргелі өнер ордасы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, Мәдениет және спорт және Білім және ғылым министрліктерінің саланы дамытуға арналған Стратегиялық жоспарларына сай жүзеге асырылуда.

Ректордың міндетін атқарушы, өз сөзінде академияның стратегиялық бағыт-бағдарын ұстана отырып, академиямының өткізетін шығармашылық іс-шаралары фестивальдары мен конкурстардың өткізілу деңгейін көтеруді ерекше атап өтті. Сол  себепті  қазақстандық  шығармашылықтың ең маңызды орталығына айналуы керек. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде алты бағыты бойынша   жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет бағытында 62 іс-шара жүзеге асырылды. Академияның оқытушысы Анар Абжанова 100 жаңа есімнің қатарына енді. Сондай-ақ ғылыми-әдістемелік әлеуеті ұлттық және халықаралық рейтингтерде де жоғары бағалануда.

Жиын барысында ректордың міндетін атқарушы бүгінгі күні Елбасы Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру  мақсатында 2 жаңа мамандану Медиажурналистика, Мультимедиалық сценография ашылды, шетелдік мамандар шақырылып, ақпараттық-комуникациялық технологиялар саласындағы жұмыс берушілер жұмысқа тартылғанын атап өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты – шетелдік  жас ғалымдарды тарту мақсатында ағылшын тілінде докторлық оқу бағдарламаларын әзірлеу, жаһандағы  заманауи қазақстандық мәдениет бағыты бойынша сыртқа шығатын шығармашылық қойылымдар санын көбейту, академиямының өткізетін шығармашылық іс-шаралары фестивальдары мен конкурстарды көбейту. Есеп беру жиынындағы негізгі баяндамадан кейін жиналған қауым тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды. Әр сұраққа академия басшысы тұшымды жауаптарын берді.

Аталмыш шарада "Кескіндеме, мүсін және дизайн" факультетінің ұйымдастыруымен академияның бас фойесінде «Мәңгілік ел» тақырыбына арналған шығармашылық көрменің көрсетілімі және өнерлі студенттердің концерттік қойылымдары көпшіліктің назарына ұсынылды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+