Сайт картасы
қаз

Қазақстан халық әртісі Раушан Байсейітовамен шығармашылық кездесу өтті

22.09.2018

2018 жылы 18-ші қыркүйекте Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кинозалында Халық Қазақстанның әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, хореография факультеті «Хореография педагогикасы» кафедрасының профессоры Раушан Байсейітовамен шығармашылық кездесу өтті.

Шараның ашылу барысында шығармашылық кездесулер, семинарлар, тренингтер және Хореография факультетінің 25 жылдығына арналған дөңгелек үстелдер жайлы түсірілген бейнежазбаларадың сериясы  көпшілік назарына ұсынылды.

Кездесуде факультет студенттері, профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Ж. Елебеков атындағы РЭЦК хореографиялық бөлімінің студенттері, Абай атындағы МАОБТ танымал әншісі, Р. Х. Байсейітованың шәкірті Жанель Түкеева және балет сыншысы Флюра Мусина қонақ ретінде қатысты.

         Кездесуде қонақтары балет бейнесіндегі суреттерді және қысқа деректі фильмдерді көрді. Р. Х. Байсейітова өзінің шығармашылық жолындағы мәскеулік балет мектебінің педагогикасы және көрнекті балетмейстерлер Дәурен Әбиров, Зауырбек Райбаев және Мыңтай Тілеубаевтардың тәжірибелік дағдылары  жайлы әңгімеледі.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+