Сайт картасы
қаз

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар», «Шет тілдері және ҚХА» факультеттерінің қатысуымен және ұйымдастыруымен Алматы күніне арналған мерекелік шара өтті

25.09.2018

2018 жылдың 21 қыркүйегінде «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығының мерекелік безендірілген сахнасында «Алматы - алма және тау шыңдарының қаласы! Біздің сүйікті Алматы қаласы! Алматы – бау-бақшалар қаласы!» Алматы қаласының күніне арналған шара болды.

Мерекелік іс-шараны ұйымдастыру және өткізу кезінде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар тарихы», «Шет тілдері және ҚХА» кафедраларының ПОҚ-ы, Академия студенттері мен магистранттары қатысты. Ұйымдастырушылардың арасында Алматы қаласындағы ҚХА мүшелері, «Қоғамдык келісім» қоғамы және қаланың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары болды.

Қаланың тұрғындары мен қонақтары үшін кең көлемді концерттік бағдарлама көрсетілді. Қала халқын мерекемен құттықтауға Vsem_dombra жобасының авторы, Андрей Фендриков келіп, әлеуметтік желілерде аты бүркеншік атпен танымал Ақын Ақынич  келді. Өзінің сүйікті домбырасының үнімен өзі шығарған шумақ өлеңдерінде бүгінгі күннің өзекті мәселелерді қозғады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+