Сайт картасы
қаз

Хореография факультетінің түлегі ресейдің "Танцы" жобасының іріктеу турынан өтті

26.09.2018

хореография факультетінің 2016 жылғы түлегі Мейрамбек Ажигалиев Ресейдің "Танцы" шоу-жобасының іріктеу турынан өтті. Жас биші Қостанай облысының Арқалық қаласында туып өскен. Қазақстандық бишінің өнерін әділқазылар алқасы жоғары бағалады. Мейрамбек ұстаздарының берген тәлімін ерекше ризашылықпен жадында сақтаған шәкірт.  Bnews.kz порталына берген сұхбатында биші-хореограф байқауда қойған қойылымын сол кезде Академияда көрсеткенін айрықша атап өтті. «Менің ұстазым Айгүл Әбікенқызының композициясы бойынша бұл би пайда болған еді. Мен осы қазақ биін контемпорари және акробатика элементтерімен жаңадан жетілдіріп қоюды жөн деп санадым. Аңшының және боди-арт образын өзім ойлап таптым. Мен осы би қойылымын бүкіл әлемге болашақта бір көрсетуді армандаған едім.  Өйткені, барша адамдар қазақ биінің қаншалықты бай екенін және өте бай тарихы бар қазақ даласының қасиетін сезініп, білсе екен де деген ой болды", - деп әңгімеледі Мейрамбек Ажигалиев Bnews.kz  интернет-порталына берген сұхбатында.

Жас бишіні әрқашан қолдай отырып, оған табыстар тілейміз!

Сұхбат пен қойылымның бейнежазбасы осы сілтеме арқылы көруге болады:
https://bnews.kz/ru/news/kazahstanets_porazil_zhuri_proekta_tantsi_na_tnt_neobichnim_nomerom

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+