Сайт картасы
қаз

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар», «Шет тілі және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы ІХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты

27.09.2018

   2018 жылдың 27-қыркүйегінде Президенттің мұрағатында ІХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

  Ұйымдастырушылар:

Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты, «Мицва» қауымдастығы.

   Конференцияға қатысушылар: ЭКО-ның басшылары мен белсенділері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, Алматы қаласындағы ҚХА қоғамдық келісім Кеңесі, Алматы қаласының шығармашылық интеллигенциясының өкілдері, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессорлық-оқытушылар құрамы. Конференция екі тәуелсіз тақырыпқа арналды:         - Қазақстандағы, Орталық Азияның және Батыс Сібірдің басқа елдеріндегі Ұлы Отан соғысы кезіндегі эвакуациялау және босқындар; 

  - Орта Азия мен Батыс Сібірдің еврейлерінің тарихы.

 Академия тарапынан т.ғ.к., доцент, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры М.Д.Шаймерденова «Қазақстан халқының бет-бейнесі: еврей халқы тарихынан» атты тақырыпта баяндама жасады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+