Сайт картасы
қаз

Берлиннен келген куратор Тибо де Ройтердің шеберлік-сыныбы: «Көрмені қалай ұйымдастыруға болады?»

25.09.2018

2018 жылдың 21-25 қыркүйек аралығында Алматыдағы Қазақстан Гете институты «Көрмені қалай қоюға болады?» тақырыбы бойынша Берлиннен келген Тибо де Ройтердің Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.

Курстың кураторы - Тибо де Ройтер - француз сәулетшісі, куратор және сыншы, 2001 жылдан бері Берлинде тұрады және жұмыс істейді. Оның көрме жобаларының географиясы Еуропада - Лондон, Дюссельдорф, Франкфурт, Берлин, Ресейде - Мәскеу, Санкт-Петербург, Красноярск және Орталық Азияда - Алматы қалаларын қамтиды. Ол сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы аймақтың кешенді сәйкестігі жөнінде зерттеулер жүргізеді.

Тибо де Ройтер айтуынша, көрмені құрғанда бірінші аудитория кеңістігіне назар аудару қажет. Ең алдымен көрменің өзекті тұжырымдамасы болуы керек. Көрменің жобасының дайын үлгілері жоқ, сондықтан оны жасаушылар әрдайым өнертапқыштық және креативті болып қалуы керек. Шынында кураторларға мұқтаж ба? Көрменің қайда басталады және қайда аяқталады? Еуропа мен Азиядағы кураторлық тәсілдер арасындағы айырмашылық бар ма? Осындай және басқа да мәселелер шеберлік сыныптарында талқыланды».

Шеберлік-сынып барысында көрмені жасау үрдістері теориялық және практикалық деңгейде де талқыланды. Қатысушылар қарапайым модельдерді қалай жасау керектігін үйренді. Бұдан басқа, заманауи өнердің ң ерекше саласы көрмелер екенің түсіне білді.

Шеберлік-сыныпқа «Тарих және бейнелеу өнері теориясы» кафедрасының профессорлары, докторанттары мен магистранттары  Мусаханова Мадина Зульпухаровна, Мусабекова Лаура, Омарова Асем және «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің «Сәулеттік дизайн» мамандығы бойынша 3 курс студенттері Мұқатова Жайнагуль, Сауяева Айнұр, Құмарғалиева Азиза, Муратбекова Жадыра, Исапа Сырым, Ален Айдана, Серікжанқызы Мөлдір қатысты.

Мастер-класс қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+