Сайт картасы
қаз

Құттықтаймыз! «Шыңырау» фильмі Түркиядан жүлдеге ие болды

02.10.2018

      Үстіміздегі жылдың 24-25 қыркүйегі аралығында Түркия республикасының Бурса қаласында «Бурса» Халықаралық қысқа метрлі фильмдердің кинофестивалі өткен болатын. Аталған кино мерекеде әлемнің көптеген елдерінен 200 ге жуық қысқа метрлі фильмдер бақ сынаған. Ресей, АҚШ, Иран, Ирак, Англия және т.б. мемлекеттер қтысқан кинофестивалге Қазақстан атынан Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының 2 курс магистранты Рахымжан Қалдыгөз «Шыңырау» деп аталатын картинасымен қатысып, жүлделі ІІІ орынды еншілеп қайтты. Қысқа метрлі «Шыңырау» фильмінің сценариін жазған жас драматург, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның 2 курс магистранты Шыңғыс Маман. Академиямыздың магистранттары – режиссер Рахымжан Қалдыгөз бастаған фильмнің шығармашылық тобына сәттілік тілейміз!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+