Сайт картасы
қаз

Семей қаласында «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының ұжымы концерт өткізеді

02.10.2018

      Биылғы жылы Т.Қ.Жүргеновтың 120-жылдығы және осы оқу орнындағы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Соған байланысты кафедра ұжымы еліміздің әр өңірінде, барлық облыс орталықтарында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мерекелік концерт беріп келеді. Жақында Талдықорған қаласындағы филормония оркестрінің қатысуымен сәтті концерт өтті.

       Осы мерейтойлық іс-шара аясында қазан айының 13-ші күні Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының ұжымы, Семей қаласындағы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрінің қатысуымен концерт береді.

     Концертке қатысушылар: ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші - Рамазан Стамғазиев, профессор, дирижер – Қайырғазы Төлен, Құрмет өрденінің  иегері – сыбызғышы Талғат Мұқышев, мәдениет қайраткерлері – күйші Мұрат Әбуғазы, әнші Нұржан Жанпеисов, әнші Ерлан Стамғазиев, мәдениет саласының үздігі – әнші Талғат Әбуғазы, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаттары – әнші Ақалтын Бекболатова, әнші Шолпан Даржанова, әнші Бағлан Бәбіжан, күйші Сырым Нұрмолдин, сырнайшы Нартай Бекмолдинов, қылқобызшы Мақсат Медеубек.  

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+