Сайт картасы
қаз

Академияда оқытушыларға арналған әдістемелік семинар өтті

02.10.2018

   2018 жылың 2-қазанында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы «Театр өнері» факультетінің «Жеке ән салу» кафедрасы «1 курс студенттерінің 7 пәннен («Жеке ән салу», «Вокал», «Сольфеджио», «Музыка теориясы», «Фортепиано», «Гитара», «Вокалдық ансамбль», «Хор») меңгерген құзіреттіліктері бойынша білімдерін бағалау критерийі» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.

      Әдістемелік семинардың мақсаты: критерийлеу жүйесін оқу үдерісіне ендіру және оның білім сапасын арттыру, студенттің меңгерген білімін қадағалау тиімділігі.

  Әдістемелік семинарда «Жеке ән салу» кафедрасының меңгерушісі, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Г.Ғ.Сапарғалиева студенттердің білімін бағалау – оқыту үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі екендігін атап өтті. Студенттердің білімін бағалау критерийі белгілі бір білім мен дағдыларды меңгеруге бағыттайтын жүйені ұсынуы тиіс. Академия түлегі кәсіби құзіреттіліктен басқа, олардың болашақта жеке, кәсіби міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін құралдық, жүйелілік және тұлғааралық құзіреттіліктерді меңгеріп шығуы қажет.

   Әдістемелік семинар барысында кафедра оқытушылары Г.Ж.Қарамолдаева, Э.С.Сұлтанғалиева, З.А.Сапенова, Ғ.К.Берекешов, З.З.Арзиев жарыссөзге қатысты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+