Сайт картасы
қаз

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығымен кездесу өтті

02.10.2018

   2018 жылдың 2 қазанында академияның академиялық театрында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Цзин Вера Михайловнамен кездесу өтті.

   Вера Михайловна «Атамекен» АЭС сарапшылары әзірлеген жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету тетіктері туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, ЖОО түлектеріне арналған салалық сертификаттау орталықтары, білім беру бағдарламаларын  сараптама жасау және рейтинг  арқылы біліктілікті растаудың тәуелсіз жүйесін құруды алға тартты. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі білім беру стандарттары мен бағдарламаларын әзірлеудің бастапқы нүктесі болып табылатын Ұлттық біліктілік жүйесіне негізделген. Еңбек нарығына бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау жоғары білімнің басты міндеті және оның табыстылығының негізгі өлшемі болып табылады, бұл міндет тек жұмыс берушілердің, академиялық қоғамдастықтың, оқушылардың өздері мен барлық мүдделі тараптардың бірлескен күшімен ғана шешілуі мүмкін.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілінің айтқан ойлары көпшіліктің қызығушылығын  туғызды. Олар өнер саласындағы білім берудің ерекшеліктерін, болашақ кескіндемешілерді даярлауда деңгейлік тәсілмен ұсынылатын мүмкіндіктерді талқылады. Кездесу  біліктілікті арттыру курсы аясында «Студенттер деңгейіне арнайы қадам жасау негізіндегі өнер ЖОО студенттерінің білімін бағалау критерийлері бойынша өтті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+