Сайт картасы
қаз

Академияда даңқты режиссер Жұмат Шаниннің немере қызы қонақта болды

03.10.2018

2018 жылдың 3 қазанында Академияда Қазақтың тұңғыш халық әртісі, кәсіби режиссері, драматург Жұмат Шаниннің немересі Жанна Шанинамен еске алу кездесуі өтті. Аталмыш шара «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында “Тарихтан тағылым” жобасы негізінде ұйымдастырылды.  Биыл Жұмат Шаниннің туғанына 125 жыл толды.

Кездесу барысында студенттерге режиссер Ж.Шаниннің өмірі мен шығармашылығы, Қазақстанда театр өнерін қалыптастырудағы еңбегі мен өнеріндегі ұлттық ерекшеліктер, салт-дәстүр көріністерін биік деңгейде таныту, насихаттау жайы қамтылды.

Осынау текті әулеттің ұрпағы Жанна Шанина ұзақ жылдар бойы мектепте ұстаздық етуден бастап басшылық  қызмет атқарған бүгінде қоғам қайраткерлерінің қатарында.  Қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғаның тағылымын студенттерге өнеге тұтуға, қазақ өнерін насихаттауға тілек білдірді. Бүгінде есімі ақталып, қазақ елінің ардақты ұлына айналды. Осы  қуанышын жасыра алмаған Жұмат Шаниннің ұрпағы студенттерге арнап түрлі тәттілермен шашу шашты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+