Сайт картасы
қаз

«Музыкалық өнер» факультетінің студенті Әділхан Макинді Испаниядағы «Тu Onda-2018» халықаралық байқауының Гран-при жүлдесінің жеңімпазы атануымен құттықтаймыз!

08.10.2018

Қазақстандық  әнші Испанияда өткен «Тu Onda-2018» халықаралық байқауында «Дейдидау» қазақ әнін  шын жүректен және аса шеберлікпен орындаған сәтте ең әділ әрі талапшыл әділқазылар мен көрермендер ерекше ықыласпен тыңдады.   Музыкалық өнер факультетінің «Эстрадалық вокал» кафедрасы 3 курс студенті Макин Әділхан өзінің жетекшісі  Янис Кайсидидің классында оқитын ол   Испаниядағы Ту Онда-2018 Халықаралық байқауында Гран-при жүлдесінің иегері атанды.

  Жоба   Испаниядағы Елшілігінің туризм департаменті, Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі, Испаниядағы Ресей Федерациясының Елшілігі, Коста дель Соль Туризм кеңесі, Марбельи және Эстепона қалаларының мэрлерінің, Ресей Федерациясының Испаниядағы Елшілігінің, “Comunicaciones Rusas en España S.L.” компаниясының және  "La vida Linda",  Марбелья ассоциацияларының қолдауымен ұйымдастырылды.

 «Музыкалық өнер» факультетінің студенті Әділхан Макинді Испаниядағы «Tu Onda-2018» халықаралық байқауының Гран-при жүлдесінің иегері атануымен құттықтаймыз!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+